Қасенов Арман Ғинаятұлы

Арман Ғинаятұлы Қасенов

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні
16 қыркүйек 1977, 48 жаста
Туған жері
Қазақстан; Ақмола облысы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Еңбек жолын «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК-да сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады (1999)

Мәскеу автомобиль-жол институтында (МТУ) тағылымдамадан өтіп, диссертациялық зерттеумен айналысты (2000-2002)

«ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг және коммерция басқармасының менеджері болып жұмыс істеді (2002-2003)

«Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінің менеджері, бас менеджері және директордың орынбасары қызметтерін атқарды (2003-2006)

«ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры лауазымын атқарды (2006-2008)

«ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды, Басқарма мүшесі болды (2008-2014)

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры - Басқарма төрағасы болды (2014-2020)

«Қазсушар» РМК бас директоры қызметін атқарды (2020-2021)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және бизнес-даму, маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды (2022-2024)

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры, Басқарма төрағасы (07.2024 бастап)

Білімі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Мәскеу көлік институтын «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша бітірді (1999 ж)
Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002 ж)

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» (2012)