Асет Жеңісұлы Исенали

Асет Жеңісұлы Исенали

ҚР Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Туған күні
8 сәуір 1980, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, корейше

Өмірбаяны

2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет басқармасында жетекші маман ретінде бастаған

2003 жылы ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінде атташе қызметін атқарған

2003–2008 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінде атташе, кейін үшінші хатшы

2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарған

2012–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде кеңесші

2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін, 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған

 

 

Білімі

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген

2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген

Марапаттары

І сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі