Асқар Досбосынұлы Мұстабеков
1969 жылғы 27 қыркүйекте Талдықорған облысы Жетісу кентінде (қазіргі Жетісу облысы) дүниеге келген
Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі қызметін 1991 жылы бастаған. 28042 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизиондары тобы радиолокациялық барлау бөлімшесінің есептоп бастығынан 44813 әскери бөлімі зениттік зымыран дивизионының командиріне дейінгі жолдан өткен
Кейін Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқару органдарында басшылық қызметтер атқарып, қару-жарақты пайдалану, жауынгерлік дайындық және зениттік зымыран әскерлерінің техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік еткен
2010-2022 жылдары командалық және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Оның ішінде әскери бөлімнің штаб бастығы, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасары және бастығы болды
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәжікстан Республикасындағы әскери атташесі міндетін атқарды
2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, бастықтың бірінші орынбасары және университет бастығы қызметтерін атқарды
2026 жылғы 6 қаңтарда Президенттің өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Нижегород жоғары зениттік зымыран командалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесін тәмамдаған
Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің докторантурасын аяқтаған
Ғылыми дәрежесі: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)
ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі