Асқар Қазиханұлы Жүсібалиев
Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысының Исатай совхозында жұмысшы болып бастаған
1985–1991 жж. «Ақырап» кеңшарының агрономы, «Ақырап» кеңшарының Қазақстан Жастар одағы Лениндік комитетінің хатшысы, Исатай аудандық Коммунистік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қобда аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің нұсқаушысы болып жасаған
1991–2011 жж. Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, «Бестау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен
2011–2024 жж. Қобда, Темір, Қарғалы аудандарын басқарған
2024 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келді
Білімі
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты — «Ғалым-агроном» мамандығы
Алматы экономика және статистика академиясы — «Экономист» мамандығы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті — «Құқықтану» мамандығы