Асқар Нұриденұлы Рахымбеков
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры
Өмірбаяны
Целиноград инженерлік-құрылыс институтының Экономика және өндірісті басқару кафедрасының оқытушысы (1992–1993)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақмола аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ақпарат, талдау және тізілім бөлімінің бастығы, төраға орынбасары, бірінші төраға орынбасары (1993–1999)
«ҚТЖ» РМК Акцияландыру және мүлікті иеліктен шығару басқармасының бастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ Акционерлік қоғамдармен жұмыс және мүлікті оңтайландыру басқармасының бастығы (1999–2003)
«Интранском» АҚ, «Dala group» АҚ, «Комбинат Фараб» ЖШС компанияларында басшылық қызметтер атқарды (2003–2009)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры (2010 жылғы сәуірден бастап)
Білімі
Целиноград инженерлік-құрылыс институты (1992)
«Инженер-құрылысшы» мамандығы
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2014)
Стратегиялық менеджмент бойынша MBA дәрежесі
Британдық Директорлар институтының халықаралық «Сертификатталған директор» сертификатының иегері