Асқар Сейдахметұлы Құттықадам
ҚР Сингапур Республикасындағы, Австралия Одағы мен Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаяны
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті (1998)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы (1999–2001)
Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (2001–2004)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің, кейін Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамдық бағалау департаментінің бірінші хатшысы (2004–2005)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамдық бағалау департаменті бөлімінің бастығы (2005)
Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі (2005–2007)
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі (2007–2009)
ЕҚЫҰ департаменті басқармасының бастығы, кейін департамент директорының орынбасары (2010–2011)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2011–2012)
Қазақстанның Канададағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (2012–2013)
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі (2014–2015)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау департаменті директорының орынбасары (2016–2018)
Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі (2018–2019)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлім меңгерушісінің орынбасары (2018–21.10.2022)
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (21.10.2022 жылдан бастап), қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.06.2023 жылдан бастап)
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1998)
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл