Асхат Тутхишбайұлы Оразбай

Асхат Тутхишбайұлы Оразбай

Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитетінің Төрағасы

Туған күні
2 желтоқсан 1960, 65 жаста
Туған жері
Қырғызстан, Фрунзе қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы әскери аудармашы (1982-1983)

Мемлекеттік телерадио редакторы (1985-1990)

Қазақ мемлекеттік университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы, деканның орынбасары (1990-1992)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің екінші хатшысы, көмекшісі (1992-1994)

Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1994-1999)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (1999-2001)

БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі арнайы миссиясының саяси кеңесшісі, Исламабад қаласы (2001-2002)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің директоры (2002-2003)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі (2004)

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы (2004-2006)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (11.2006-09.2008)

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (09.2008-07.2012)

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы (07.2012-01.2019)

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2019-11.01.2024)

Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитетінің Төрағасы (11.01.2024 бастап)

Білімі

Ташкент мемлекеттік университеті

2-ші сыныптағы Төтенше және Өкілетті Елші (2003)