Асланбек Шымбергенов

Асланбек Шымбергенов

Боксшы

Туған күні
9 қазан 1993, 32 жаста
Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2013 жылы Жамбыл облысының чемпионы атанды

2013 жылы Атырау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер болды

2014 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды

2015 жылы Astana Arlans клубының құрамында Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) чемпионы болды

2016 жылы Азия бокс конфедерациясы тарапынан Азияның үздік WSB боксшысы деп танылды

2017 жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды

2017 жылы «Astana Arlans» клубының құрамында WSB чемпионы болды

2017 жылы Азия бокс конфедерациясы тарапынан WSB турнирінің Азиядағы үздік боксшысы атанды

2018 жылы Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Бочкайды еске алу халықаралық турнирінің жеңімпазы болды

2018 жылы Польшаның Варшава қаласында өткен Феликс Штамм мемориалының жеңімпазы атанды

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті кубогының жеңімпазы болды

2018 жылы Азия ойындары жарысында күміс медаль жеңіп алды

2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында өткен Дүниежүзілік әскери ойындарда (69 келіге дейін) чемпион атанды

2022 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы болды

2023 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды

Білімі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Байзақ балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спорт мектебінде білім алды

2017 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Дене шынықтыру және спорт факультетін тәмамдады