Аспенбетова Раушан Найманханқызы
- Туған күні
-
01 Желтоқсан, 196560 жас
- Туған жері
-
Шығыс Қазақстан облысы, Бұлыңғыр (Большынарым) ауданы, Көктерек ауылы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Құрылыс-жол институтын аяқтағаннан кейін құрылыс ұйымында учаске шебері, нормалаушы, ПТО инженері болып жұмыс істеген. 1996 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Облыстық құрылыс басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. ШҚО бойынша аумақтық архитектура-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Облыс әкімі аппаратына 2007 жылдың наурыз айынан бастап жұмысқа кірісті. Бірінші облыс әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі, ШҚО әкімі аппараты басшысының бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2011 жылдың қазан айынан бастап облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.
Аспенбетова Раушан Найманханқызы мемлекеттік басқару жүйесінде мол тәжірибеге ие. Мемлекеттік қызмет өтілі – 27 жылдан астам, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында 16 жылдан аса уақыт қызмет еткен. 2023 жылғы 9 қазанда меритократия қағидаты бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
1985 жылы Өскемен құрылыс техникумын,
1993 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.