Асылбек Амантайұлы Ахметжанов

Асылбек Амантайұлы Ахметжанов

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі
Туған күні
07 Сәуір, 1993
32 жас
Туған жері
Алматы қаласа, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

2016 жылғы қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасы сарапшысының міндетін атқарушысы

2016–2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасының сарапшысы

2018–2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы

2019–2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметерді автоматтандыру басқармасының басшысы

2021–2024 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары

2024–2025 жылдары — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры

2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды

Білімі

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақ технология және бизнес университеті

Фото