Азамат Есімұлы Қапышев
Ақмола облысы Қосшы қаласының әкімі
Өмірбаяны
2003-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппаратында, одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жұмыс істеді, онда ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімі секторының меңгерушісі болып қызмет істеді
2011-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі секторы инспекторының және меңгерушісінің, ҚР Президенті Баспасөз қызметі секторы меңгерушісінің лауазымдарын атқарды
2017-2018 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды
2018-2019 жылдары Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы орынбасары
2019-2024 жылдары Ақмола облысы әкімі аппараты басшысы қызметін атқарды
2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып тағайындалды
Білімі
ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген
Заң ғылымдарының кандидаты