Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов
Опера әншісі
Өмірбаяны
2006 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының солисі
2007 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі
Білімі
Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген (2009), опера әншісі, концерттік орындаушы
Қазіргі уақытта профессор Е.Е. Нестеренкода машықтанудан өтуде (Австрия)
Марапаттары
«Шабыт» IX халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Астана, 2006)
«Жас дарындар» XXIII халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Сан-Бартоломео, 2008)
Н. Сәбитов атындағы VII халықаралық орындаушылар конкурсындағы 2-ші сыйлықтың (Уфа, 2008)
Мирьям Хелин атындағы VI халықаралық вокалшылар конкурсындағы 4-ші сыйлықтың (Хельсинки, 2009)
П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындағаны үшін «Голоса под Плесом»
Шаляпин I халықаралық конкурсындағы дипломның (Плес, 2010)
Бибігүл Төлегенованың IV Халықаралық вокалшылар конкурсындағы бас жүлденің және Мариямгүл Төлегенованың арнайы сыйлығының (Алматы, 2010) лауреаты
ТМД қатысушы мемлекеттердің IV Халықаралық дельфиялық ойындарының алтын медалінің (Астана, 2006)
С. Монюшко атындағы VI Халықаралық вокалшылар конкурсындағы Польша музыка академиясының арнайы сыйлығының (Варшава, 2007)
П.Г. Лисициан атындағы I Халықаралық баритондар конкурсындағы диплом мен «Бастау» сыйлығының (Мәскеу, 2008)
Н. Тілендиев атындағы I Халықаралық конкурстағы бас жүлденің және Астана қаласы әкімінің арнайы жүлдесінің (Астана, 2008) иегері