Азат Райымбекұлы Сейтметов
Театр және кино актері
Өмірбаяны
М. О. Әуезов атындағы театр актері (1988 жылдан)
Қазақ классикасы мен заманауи драматургиядан:
М. Әуезовтің «Абай» спектакліндегі Долгов рөлі (реж. Е. Обаев) «Қарагөздегі» Матай рөлі (реж. Б. Атабаев)
«Еңлік – Кебек» спектакліндегі Абыз рөлі (реж. Х. Әмір – Темір)
М. Сәрсекенің «Өмір деген осы» драмасындағы Жорабек рөлі (реж. О. Кенебаев)
А. Әмзеұлының «Қара кемпір» спектакліндегі Шомбай рөлі (реж. Е. Обаев)
С. Асылбекұлының «Күзгі романс» спектакліндегі Сайлау рөлі (реж. А. Рахимов)
И. Сапарбайдың «Сыған серенадасындағы» Алеко рөлі (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай)
Б. Мұқайдың «Кавалерлеріндегі» Байбол рөлі
Д. Исабековтің «Мұрагерлер» спектакліндегі Сызғанов рөлі (реж. О. Кенебаев)
«Жынданған» спектакліндегі Ақылбай рөлі (реж. Е. Обаев)
«Актриса» спектакліндегі Самат рөлі (реж. Н. Жұманиязов)
И. Ғайыптың «Мен келемін» спектакліндегі Шибут рөлі (реж. Қ. Қасымов)
Т. Әл-Таразидің «Ақын… Періште… Махаббат…» спектакліндегі Скрипкашы рөлі
Т. Мамесейіттің «Бәкей қыз» спектакліндегі шұбар ояз рөлі
А. Рахимовтың «Қылмысқа куәлік» спектакліндегі Шотбай рөлі
А. Рахимов қойған «Қырманбайдың үйленуі» комедиясындағы Барбол рөлі
Н. Келімбетованың «Үміт үзбей» спектакліндегі Асылхан рөлі (реж. Е. Обаев)
К. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтар» спектакліндегі Қойгелді рөлі (реж. Т. Әл-Тарази)
Әлем классикасы мен заманауи драматургиядан:
Шекспирдің «Гамлетіндегі» Лаэрт рөлі (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ю. Ханинга – Бекназар)
Н. Гогольдің «Үйлену» комедиясындағы Жевакин рөлі (ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров)
Т. Жүженоғлудың «Лавина» спектакліндегі Қарт рөлі (реж. А. Какишева)
М. Байджиевтің «Қылмыс» спектакліндегі Назар рөлі (реж. О. Ақжарқын – Сәрсенбек)
Білімі
Т. Жүргенов атындағы Алматы театр өнері училищесі (1988)
Марапаттары
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2010)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
«Әке» телехикаясындағы басты рөлі үшін «Seoul International Drama Awards» байқауында «Үздік ер адам рөлі» номинациясының бас жүлдесі (08.09.2016, Сеул)
«Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы (21.05.2026)