Азат Тұрлыбекұлы Перуашев
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Өмірбаяны
М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің студенті, Екатеринбург (1984 - 1991)
облыстық партия ұйымының ХХ құрылтай конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Талдықорған қ. (1991)
Талдықорған облысы Қазақстан Компартиясы аудандық комитеті идеология бөлімінің саяси ұйымдастырушысы (1991)
Қазақстан Социалистік партиясы Талдықорған облыстық ұйымы атқару комитетінің Панфилов ауданы бойынша үйлестірушісі, Талдықорған қ. (1991 - 1992)
Талдықорған облыстық әкімдігі аппаратының әлеуметтік мәселелер бөлімінің аға көмекшісі, Талдықорған қ. (1992 - 1993)
Талдықорған облысы әкімдігінің қоғамдық және қоғамдық-саяси мәселелер бөлімінің аға көмекшісі, Талдықорған қ. (1993)
Талдықорған қаласы, облыс әкімі аппаратының саяси зерттеулер секторының меңгерушісі (1993 - 1994)
Талдықорған облыстық әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі, Талдықорған қ. (1994 - 1995)
Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің студенті, Алматы қ. (1995 - 1996)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Алматы қ. (1996)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ішкі саясат бөлімінің консультанты, Алматы қ. (1996 - 1997)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, Алматы қ. (1997 - 1998)
"Қазақстан алюминийі" АҚ вице-президенті, Павлодар (1998 - 1999)
Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Алматы (1999 - 2007)
"Атамекен" одағы Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы, Астана (2006 - 2011)
"Қазақстанның Ұлттық өнеркәсіптік палатасы" Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы" АҚ басқарма төрағасы, Астана қ. (2011)
"Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы" ҚБ төрағасы, Астана (2011 - қазіргі уақытқа дейін)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V сайланған депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2012 - 2016)
VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Нұр-Сұлтан қ. (2016 - 2021)
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2021 - 2023)
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ("Ақ жол" партиясы) (2023 бастап)
Білімі
М.Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті, Екатеринбург (1991)
Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебі (1996)
Жетісу экономикалық институты (2000)
Марапаттары
ІІ дәрежелі "Достық" ордені (2001)
III дәрежелі "Барыс" ордені (2008)
II дәрежелі "Барыс" ордені (2015)
Жаңа Конституция қабылданса, депутаттардың мәртебесі туралы заңды қайта қарау керек – Азат Перуашев
«Ақжол» партиясы жаңа Конституция жобасына 50-ден астам түзету ұсынды
Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды бекіту ұсынылды
Заңнамалық өкілеттіктер толығымен Құрылтайдың құзыретінде қалады — Азат Перуашев
Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі – Азат Перуашев