Ажар Елемесқызы Қажібекова
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Ауыл» партиясы)
Өмірбаяны
Биология пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облыстық аумақтық басқармасында түрлі қызметтер атқарды (2000–2006)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде қызмет атқарды (2006–2012)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасында, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінде басшылық қызметтер атқарды (2012–2014)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, Егіншілік департаменттерінің директоры (2014–2017)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы (09.2017–04.2018)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы (04.2018–01.2019)
Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары (05.2019–05.2023)
Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарушы (11.2023–07.2024)
Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (07.2024–08.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша кандидат (21.07.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты, «Ауыл» партиясынан (27.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, биология
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, агрохимия және өсімдіктерді қорғау
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, халықаралық қауіпсіздік
Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалі