Байахметов Бакытжан Какенкаджиевич

Байахметов Бакытжан Какенкаджиевич

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Туған күні
29 Тамыз, 1970
55 жас
Туған жері
Алматы қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

1992–2005 жж. – ШҚО энергетика саласында жұмыс істеді.
2005–2008 жж. – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.

2009 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде мемлекеттік сатып алулар және ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы;
— Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас сарапшы.

2009–2010 жж. – Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің меңгерушісі.

2010–2014 жж. – Аягөз ауданының әкімі.

2014 ж. – Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының әкімі.

2014–2019 жж. – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының әкімі.

2019–2021 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2021–2022 жж. – Абай облысы, Семей қаласының әкімі.

2022 жылғы 26 тамыз – 2023 жылғы 14 қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2023 жылғы 6 ақпан – 2023 жылғы шілде – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратын басшысы.

2023 жылғы шілдеден бастап – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 17 жыл.

Білімі

1992 жылы Қазақ еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын электрлендіру» мамандығы бойынша тәмамдады.
2008 жылы Орталық Азия университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

Марапаттары

Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен наградталды.

2015 жылғы 5 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2016 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2020 жылғы 16 қарашадағы № 3 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен наградталды.

КЭА-ның «Еңбегі сіңген энергетигі».