Бақыт Данабекұлы Батыршаев
ҚР Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаяны
1995–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде референт, атташе қызметтерін атқарды
1997–2001 жылдары Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінде атташе болды
2001–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінде екінші хатшы қызметін атқарды
2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің екінші хатшысы болды
2002–2005 жылдары Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінде үшінші хатшы, екінші хатшы және бірінші хатшы қызметтерін атқарды
2005–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінде басқарма басшысы, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарды.
2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл болды
2010 жылғы наурыздан 2013 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды
2013 жылғы 18 қарашадан 2019 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, сондай-ақ қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болды
2019 жылғы 29 сәуірден 2021 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды
2019–2025 жылдары коммерциялық компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді
2026 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды
2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
Білімі
1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған
ІІ сыныптағы Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие
Марапаттары
«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған
Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері