Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасы – ректоры
Өмірбаяны
1990 жылғы тамыз – 1992 жылғы қараша – Облыстық балалар клиникалық ауруханасында интерн-дәрігер, дәрігер
1992 жылғы қараша – 1995 жылғы қыркүйек – Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының зертханашысы
1995 жылғы қыркүйек – 2000 жылғы қыркүйек – Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті
2000 жылғы қыркүйек – 2002 жылғы қыркүйек – Қарағанды мемлекеттік медицина институтының Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті
2002 жылғы қыркүйек – 2007 жылғы тамыз – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің директоры
2007 жылғы тамыз – 2011 жылғы қыркүйек – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі
2011 жылғы қыркүйек – 2012 жылғы шілде – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Клиникалық даярлық және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы
2012 жылғы шілде – 2019 жылғы мамыр – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректоры
2019 жылғы мамыр – 2022 жылғы қаңтар – Қарағанды медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры
2022 жылғы қаңтар – 2022 жылғы қыркүйек – Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры
2022 жылғы қыркүйек – 2025 жылғы маусым – Астана медицина университетінің Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры
2025 жылғы маусымнан бастап – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры
Білімі
1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған
Марапаттары
«Құрмет» ордені
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері
«Халық алғысы», «Шарманов халықаралық медалі», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдары