Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков
Жамбыл облысы прокуратурасының штаттан тыс маманы (2002-2004)
"Жамбыл облысының құрылыс, сәулет және өңірлік құрылыс басқармасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің "бас кәсіпорны" сәулет жоспары бөлімінің инженер-механигі (2004-2005)
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында жетекші маман (2005-2006)
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы (2006-2010)
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (2010-2012)
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (2012-2017)
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары (2017-2018)
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары (11.2018-06.2020)
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (2020 - 2022)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары (2022-2024)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы (19.04.2024 бастап)
1981 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген
2005 жылы - Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген
2007 жылы - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген