Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев

Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы

Туған күні
24 желтоқсан 1971, 54 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, аға маманы, референті, аға референті (1996-1999)

Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаменті Кадр және бақылау басқармасының Бақылау бөлімінің бастығы (1999-2002)

Сыртқы істер министрлігі Аппараты Кадр басқармасының бастығы (2002-2003)

Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы (2003-2007)

Сыртқы істер министрі Кеңсесінің басшысы (2007-2019)

Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі (2016-2017)

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары  (03.2019-07.2019)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі (07.2019-14.06.2022)

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы (14.06.2022 бастап)

Білімі

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы

Инженер

Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті

Заңгер

Марапаттары

«Парасат» ордені (2021) 

«Құрмет» ордені (2012) 

9 мерекелік медальдармен марапатталған 

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2006)

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі (2017)

Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін Сыртқы істер министрлігінің Нәзір Төреқұлов атындағы медалімен марапатталған (2019)