Бақытжан Шынарбайұлы Садықов

Бақытжан Шынарбайұлы Садықов

Түркістан облысының мәдениет басқарма басшысы

Туған күні
18 наурыз 1980, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармасының бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы (11.12.2003–14.11.2005)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті қаржылық есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (14.11.2005–11.07.2007)

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарушы директоры (11.07.2007–24.10.2007)

«ҰК «СПК «Оңтүстік» АҚ активтерді басқару департаментінде, «САО-Групп» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды (2007–2009)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстары басқармасының басшысы (2009–2010)

«Қазақстанның су шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ президенті (04.11.2010–10.07.2012)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары (02.09.2012–20.10.2014)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары (20.10.2014–05.01.2016)

Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу дирекциясы директорының орынбасары (19.01.2016–12.02.2018)

Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының «Алматы әуендері» КМҚК директоры (14.03.2018–2024)

Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (04.2026–06.2026)

Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы (06.2026)

Білімі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, үздік дипломмен (2003)
Мамандығы – «Қаржы және несие»

Шымкент университеті (2016)
Мамандығы – «Құқықтану»

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі