Батырхан Базарбайұлы Әкек
Жамбыл облысы қаржы басқармасының басшысы
Өмірбаяны
1998 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы қаржы бөлімінің жетекші маманы болып еңбек жолын бастады
1998–2002 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданы қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды
2002–2005 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінде бас маман болды
2007–2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаменті бөлімінің бастығы қызметін атқарды
2009–2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы бөлімінің бастығы болды
2011–2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды
2013–2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды
2023 жылғы 5 маусымнан бастап Жамбыл облысы қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
1998 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Өндірісті ұйымдастырушы инженер» мамандығы бойынша тәмамдаған