Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов
Жетісу облысының прокуроры
Өмірбаяны
2001 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында маман болып еңбек жолын бастады
2003 жылы Қандыағаш прокурорының көмекшісі, кейін аға көмекшісі қызметтерін атқарды
Әрі қарай Ақтөбе көлік прокурорының аға көмекшісі болды
Батыс аймақтық көлік прокуратурасы басқармасында прокурор, аға прокурор қызметтерін атқарды
Ақтөбе облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры болды
Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, кейін прокуроры қызметтерін атқарды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше маңызды қылмыстарды тергеу басқармасы Арнайы прокурорлар қызметінде көмекшісі болды
2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Арнайы прокурорлар қызметі Бақылау-әдістемелік басқармасында көмекші қызметін атқарды
2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілдесіне дейін Атырау облысы прокурорының орынбасары болды
2022 жылдың шілдесінен 2025 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Атырау облысының прокуроры қызметін атқарды
2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап Жетісу облысының прокуроры
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған