Бауыржан Бақытұлы Әбібеков
Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2008–2009 жылдары Алматы қаласы бойынша салықтық әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды
2009–2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінің заңды тұлғаларды әкімшілендіру салық басқармасы камералдық бақылау бөлімінің бас маманы болды
2011–2012 жылдары Көксу аудандық қаржы бөлімінде маман қызметін атқарды
2012 жылы Көксу аудандық қаржы бөлімінің бас маманы болды
2012–2014 жылдары Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ішкі бақылау қызметінде бас маман болып еңбек етті
2014–2016 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарды
2016–2021 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы болды
2021–2022 жылдары Жетісу облысы Көксу ауданы (Балпық би ауылы) әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды
2022 жылғы 29 қыркүйектен 2024 жылдың ақпан айына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды
2024 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы
Білімі
Алматы технологиялық университетін тәмамдаған
2015 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын экономика және құқық мамандығы бойынша бітірген