Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Өмірбаяны
1985–1992 жылдары «Жезқазғантүстімет» АҚ байыту фабрикасында слесарь, учаске бастығы қызметтерін атқарған
1992–2006 жылдары кедендік бақылау органдарында қызмет істеп, Жезқазған және Қарағанды облыстары бойынша кедендік бақылау департаменттерінің басшысы болған
2007–2009 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС экономикалық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметін атқарған
2009–2010 жылдары «Прогресс» ЖШС атқарушы директоры болды
2010 жылдың мамыр–қазан айлары аралығында «Нұр Отан» ХДП Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған
2010–2011 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болды
2011–2012 жылдары Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарған
2012 жылғы 17 ақпаннан 2014 жылдың тамызына дейін Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі болды
2022 жылдың маусым айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған
2023 жылдың наурыз айынан бастап Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Білімі
1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған
2000 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген
Марапаттары
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін алған
2019 жылы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен наградталған
2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісін алған