Бауыржан Серікұлы Шәменов
Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2002 жылы – «Рух» заң фирмасының заңгері
2002–2005 жылдары – Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің кадр, заң қызметі және арнайы жұмыс бөлімінің бас маманы
2005–2006 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы
2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасы Тәртіптік кеңесі хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің консультанты
2008–2013 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі
2013 жылғы шілде – 2019 жылғы қазан аралығында – Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары
2019 жылғы қазан – 2022 жылғы мамыр аралығында – Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
2022 жылғы мамыр – желтоқсан аралығында – Қызылорда облысының бақылау басқармасының (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және еңбек инспекциясы) басшысы
2022 жылғы желтоқсаннан бастап – Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы
Білімі
2002 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған
2004 жылы – Қазақ академиялық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген