Әбдірасыл Серікұлы Желеубаев
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2017–2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының Өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды
2019–2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының Өсімдік шаруашылығы және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды
2021 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының Су шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды
2021–2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының Өсімдік шаруашылығы және су шаруашылығы бөлімінің басшысы болды
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде мелиорация басқармасының бас сарапшысы, кейін агромелиорация басқармасының басшысы қызметтерін атқарды
2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы желтоқсанға дейін Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
2015 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды
2016 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Техника және технология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды
2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика» мамандығы бойынша білім алды