Бейбіт Маратханұлы Шаханов

Бейбіт Маратханұлы Шаханов

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Туған күні
10 сәуір 1979, 47 жаста
Туған жері
Қазақстан; Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

2002 жылғы қарашадан 2006 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде және Қаржы министрлігінде Заң қызметі департаментінде жетекші маман, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды

2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы қарашаға дейін «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болды

2008 жылғы ақпаннан 2011 жылғы қыркүйекке дейін «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президенті, «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ өкілдігінің директоры қызметтерін атқарды

2011 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АОО Заң департаментінің директоры болды

2012 жылғы наурыздан 2014 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде:
— Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаментінің директоры;
— Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары;
— Су және биологиялық ресурстар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды

2014–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры болды

2015 жылғы қазаннан 2016 жылғы шілдеге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитеті төрағасының орынбасары болды

2016 жылғы шілдеден 2017 жылғы ақпанға дейін осы министрліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

2017 жылғы 20 сәуірден 2019 жылғы ақпанға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болды

2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы сәуірге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы мамырға дейін Нұр-Сұлтан қаласының жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болды

2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы сәуірге дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Білімі

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (2000) — «Ағылшын тілі»

Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2002) — «Заңгер»

Қазақ коммерциялық-қаржы академиясы (2008) — «Қаржы»

Ланкастер университеті (Ұлыбритания, 2011) — халықаралық құқық магистрі