Беков Кыдырберди Андирович

Беков Қыдырберді Андирұлы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы

Туған күні
12 ақпан 1977, 49 жаста
Туған жері
Түркіменстан Республикасы
Тілдерді білуі
Орысша, ағылшынша, қазақша

Өмірбаяны

 

  • «МаңғыстауМұнара» ЖШС, мұнара-монтаждау бөлімінің оқшаулаушысы (22.01.2001–28.05.2001);

  • Маңғыстау НПЦ, жерге орналастыру инженері (15.11.2001–04.05.2004);

  • Маңғыстау облыстық жер ресурстарын басқару басқармасы, жер пайдалануды қорғау бөлімінің бас маманы, жерге орналастыру инспекторы (05.05.2004–24.01.2005);

  • Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасы, жер учаскелерін беру және алып қою бөлімінің басшысы (24.01.2005–17.03.2008);

  • Маңғыстау облысы әкімі аппараты, ұйымдастыру бөлімі бойынша бас инспектор (17.03.2008–16.02.2010);

  • Басқұдық ауылдық округі әкімі аппараты, ауыл әкімі (16.02.2010–02.11.2011);

  • Қарақия ауданы әкімінің орынбасары (02.11.2011–12.2017);

  • Қарақия ауданы әкімі міндетін атқарушы (12.2017–08.2018);

  • Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі (08.2018–05.2023);

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің өңірлік инспекторы (05.2023–10.2024);

  • Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы (10.2024 жылдан бастап).

 

Білімі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2000)

Мамандығы: жер кадастры инженері