Бекпанов Гани Сундетович

Бекпанов Гани Сундетович

Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының терроризм мен экстремизмнің алдын алу бөлімінің басшысы
Туған күні
26 Тамыз, 1982
43 жас
Туған жері
Жаңаөзен қаласы,Маңғыстау облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық істерін ашу және олардың алдын алу басқармасының инспекторы болып бастаған.

2012–2013 жылдары – «СтройДеталь» ЖШС заң бөлімінің басшысы,
2013–2017 жылдары – «СтройДеталь» ЖШС директоры,
2017–2018 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл және жұмылдыру дайындығы бөлімінің инспекторы,
2018–2019 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының өңірлік даму және талдау бөлімінің бас маманы,
2019–2021 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы.

2021 жылғы наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

Білімі

2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.