Берік Ноғайұлы Асылов
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Өмірбаяны
Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы (1992-2001жж.)
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары (2001-2006жж.)
Батыс өңірлік көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры (2006ж.)
ҚР Бас Прокурорының орынбасары (2010 жыл 28 шілде)
Алматы қаласының прокуроры (2011-2017жж.)
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2017-2019жж.)
Бас Прокурордың бірінші орынбасары (2019-2022жж.)
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (2022 жыл 3 наурыздан бастап).
Білімі
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған (1991ж)
Марапаттары
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін:
ҚР Бас Прокурорының алғыстары мен Құрмет грамоталарымен (1997ж., 2004ж., 2005ж., 2007ж., 2011ж., 2013ж., 2017ж)
Ресей Федерациясы Бас Прокурорының грамотасы (2015 ж)
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған (2014 ж)
ҚР прокуратура органдарының құрметті қызметкері, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісі
ҚР Президентінің Жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – «Ерен еңбегі үшін» медалі (2005 ж), ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені (2011 ж), І дәрежелі «Даңқ» орденімен (2017 ж) марапатталған.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «20 лет КСГП СНГ», «25 лет КСГП СНГ» «За вклад в развитие органов юстиции», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Құрметті заңгер», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Қазақстандағы рақымшылық: кімдердің айыппұлы кешіріліп, қандай істер тоқтатылды
Мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 трлн теңге көлеміндегі активтер қайтарылды
Берік Асылов Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалды
Берік Асылов: Инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай стандарты енгізіледі
Берік Асылов: Қылмыстық істердің 94 пайызы электронды форматта тергеледі