Бибігүл Ахметқызы Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова

Опера әншісі
Туған күні
16 Желтоқсан, 1929
96 жас
Туған жері
Семей қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолы мен шығармашылық қызметі:

Алматы қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі (1954)
Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің солисі (1956)
Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты (1958)
Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының солисі (1971)
Классикалық репертуар мен халық әндерін орындап, концерттерге қатысқан
Шетелдік гастрольдер: Қытай, Польша, ГДР, Вьетнам, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италия
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал сыныбын жүргізді, профессор (1980 жылдан)
Б. Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауының көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы (2001, 2004, 2007, 2010, 2011, 2012, 2014)
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VII–IX шақырылымдарының депутаты (1968–1982)
Астана қаласында Бибігүл Төлегенова атындағы Бірінші креативті мектептің ашылуы (01.09.2024)

Опералық партиялары

«Қыз Жібек» (Е. Брусиловский) – Қыз Жібек
«Абай» (А. Жұбанов, Л. Хамиди) – Ажар
«Еңлік-Кебек» (Ғ. Жұбанова) – Еңлік
«Алпамыс» (Е. Рахмадиев) – Гүлбаршын
«Алтыншаш» (Н. Жиганов) – Алтыншаш
«Травиата» (Дж. Верди) – Виолетта
«Риголетто» (Дж. Верди) – Джильда
«Севиль шаштаразы» (Дж. Россини) – Розина
«Дон Паскуале» (Г. Доницетти) – Норина
«Дон Жуан» (В. Моцарт) – Церлина
«Ақшақар» (Н. Римский-Корсаков) – Ақшақар

Фильмографиясы

1954 – «Даланың қызы» – Қарашаш
1955 – «Бұл Шұғылада болды» – Майра (әндерді орындау)
1957 – «Біздің сүйікті дәрігер» – әнші (А. Зацепиннің «Көктем туралы вальсі»)
1968 – «Тақиялы періште» – Тананың қызы
1975 – «Жұлдызыңды сақта» – әндерді орындау
2005 – «Вокалдық параллельдер» – камео
2011 – «Алдар Көсе» – Алдардың әжесі
2011 – «Балалық шағымның аспаны» – Нұрсұлтанның әжесі

Дискографиясы

2002 – «Сүйікті әндер» (Beloved Songs)
2005 – «Қазақстанның вокал өнерінің көрнекті шеберлері» CD (Е. Серкебаев, Р. Жаманова, Б. Төлегенова, Ә. Дінішев), «Асыл мұра» сериясының 10-шы шығарылымы
2006 – Бибігүл Төлегенова. Special Edition, Вокалдық антология (10 CD)
2011 – «Алтын ай астында» (мұрағаттық жазбалар)

Білімі

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы (1954)

Марапаттары

Халықаралық және КСРО марапаттары:
«Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлығы (гуманитарлық қызмет саласында, 2014)
Социалистік Еңбек Ері (1991)
Ленин ордені (1976, 1991)
КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1970) – 1967–1968 жж. концерттік бағдарламалары үшін
КСРО халық әртісі (1967)
Қ. Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1966)
Еңбек Қызыл Ту ордені (03.01.1959)
«В. И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалі
«Еңбек ардагері» медалі
«Тың жерлерді игергені үшін» медалі
«Ресей мәдениетіне қосқан үлесі үшін» Құрмет белгісі (2024)

Қазақстан Республикасының марапаттары:
«Барыс» ордені I дәрежесі (2019)
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (2016, 2017)
«Қоғамдық мойындау» сыйлығы, «Ұлттық мойындау. Аңыз адам» номинациясы (2013)
Алматы қаласының Құрметті азаматы (2012)
Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2011)
Абай облысының Құрметті азаматы
Семей қаласының Құрметті азаматы (08.07.1968)
Қазақстан жұлдыздар аллеясындағы жеке жұлдыз (2002)
«Жыл адамы» атағы, «Қазақстанның музыкалық өнеріне қосқан үлесі үшін» (2001)
«Тарлан» тәуелсіз жалпыұлттық сыйлығы (2001)
«Отан» ордені (2000)
Астана қаласының Құрметті азаматы (1999)
ҚР Президентінің «Алтын барыс» жеке Алтын белгісі (1999)
«Астана» медалі (1998)
ҚР Тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жылдығына арналған медальдар
ҚР Конституциясының 10 және 20 жылдығына арналған медальдар
«Тыңға 50 жыл» медалі
«Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалі
ҚР Парламентіне 10 жыл медалі
Астана қаласына 10 және 20 жыл медальдары
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі
«Еңбек ардагері» медалі
«Бейбітшілік пен Келісім» ордені (2024, Қазақстан митрополиялық округі)

Фото