Әбілхайыр Бақытқалиұлы Оңғар
Шымкент қаласының қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2015–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар басқармасында инспектор болып қызмет атқарды
2016–2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы болды
2018–2019 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі аппаратының халықпен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарды
2019–2021 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі аппаратының «Жанаталап» аумағы бойынша халықпен жұмыс бөлімінің басшысы болды
2020–2021 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі аппаратының халықпен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды
2021–2023 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің Қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы болды
2023 жылғы 13 наурыздан 2024 жылғы сәуірге дейін Шымкент қаласының Қолайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2024 жылғы сәуір айынан бастап Шымкент қаласының Қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған
2017 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген