Болат Анапияұлы Тілеп

Болат Анапияұлы Тілеп

«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры
Туған күні
06 Ақпан, 1978
48 жас
Туған жері
Кентау қаласы, ҚазақКСР
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдар кандидаты

Еңбек жолы

· «Стратегия» талдау орталығы қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері (2001–2005)

· Алматы қаласы әкімдігі аппараты жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы шағын Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі (2005–2006)

· Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары (2008)

· Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы (2008–2013)

· Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы (2013–2014)

· Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары (2014–2015)

· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі (2015–2016)

· Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі (2017–2019)

· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (11.2019–06.2020)

· Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі вице-министрі (06.2020–02.2022)

· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (02.2022–06.09.2023)

· Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Басқарма төрағасы – ректоры (09.2023 жылдан бастап)

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2000)
Мамандығы: «Саясаттанушы, саясаттану пәнінің оқытушысы»