Болат Мәзімбайұлы Әбділманов

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов

Театр және кино актері

Туған күні
12 қараша 1960, 65 жаста
Туған жері
Қазақстан; Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

1982–1984 жылдары Кеңес Одағы Қарулы күштері қатарында әскери қызмет атқарған

1984–1993 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры актері болды

Кейін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында қызмет етті

Кинодағы алғашқы қадамы – «Бойся, враг, девятого сына» фильміндегі эпизодтық рөл

Фильмография

  • «Сағыныш» (1997) – Боранбай
  • «Саранча» (сериал, 2001–2003) – Дастанов (реж. Галина Ефимова)
  • «Махамбеттің қылышы» (2006)
  • «Застава» (2007) – Шейх
  • «Однажды в багажнике» (2007) – Ербол
  • «Откройте дверь, я счастье» (сериал, 2008) – Аманжол
  • «Братья» (сериал, 2008) – жаттықтырушы (реж. Рашид Сүлейменов)
  • «Прощай, Гүлсары» (2009) – прокурор
  • «Город мечты» (сериал, 2010) – Мансур
  • «Однажды в багажнике» (2010) – Ербол
  • «Алдар Көсе» (2011) – бас қазы
  • «Ағайынды-2» (2011) – Айбар, жаттықтырушы (реж. Рашид Сүлейменов)
  • «Мың бала әскері» (2012) – Бөгенбай (реж. Ақан Сатаев)
  • «Қазақша тонау» (2014) – генерал Бисембаев (реж. Қайыржан Орынбеков)
  • «Анаға апарар жол» (2016) – Ералы (реж. Ақан Сатаев)
  • «16 қыз» (2015) – генерал (реж. Қанағат Мұстафин)
  • «Бастық боламын» (2017) – Төбет (реж. Ерлан Қасымжанұлы)
  • «Той любой ценой» (2018) – продюсердің досы

Білімі

Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институты (1982)

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (2001)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)

Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы (2004)

«Құрмет» ордені (2009)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)

«Парасат» ордені (02.12.2021)

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы (24.10.2025)

Фото