Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов

Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Туған күні
15 шілде 1958, 67 жаста
Туған жері
Қызылорда қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

  • Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика кафедрасының оқытушысы (09.1979–09.1980)

  • КСРО ҒА Биологиялық физика институтына тағылымдамашы-зерттеуші ретінде жіберілген, Пущино қ., Мәскеу облысы (09.1980–09.1982)

  • Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті (03.1986–11.1991)

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының деканы, проректоры (11.1991–09.1994)

  • Ресей Ғылым академиясының Жасуша биофизикасы институтына тағылымдамадан өткен аға ғылыми қызметкер, Пущино қ., Мәскеу облысы (09.1994–12.1996)

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры (12.1996–04.1998)

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, кафедра профессоры (04.1998–03.2000)

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры, Астана қ. (03.2000–01.2001)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мониторинг және бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (01.2001–08.2001)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, Астана қ. (08.2001–11.2004)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитетінің төрағасы (11.2004–02.2007)

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2007–09.2010)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы (09.2010–02.2012)

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (02.2012–07.2016)

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі (11.2016–03.2017)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы (03.2017–06.2018)

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті президенті, Түркістан қ. (06.2018–03.2021)

  • Қарағанды индустриялық университеті ректорының міндетін атқарушы (03.2021 жылдан)

Білімі

  • Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты (1979) – физика пәнінің оқытушысы

  • КСРО Ғылым академиясының Биологиялық физика институты, аспирантура, Пущино қ., Мәскеу облысы (12.1982–01.1986)

  • Мәскеу мемлекеттік экономика және статистика университеті (Қашықтан білім беру институты) (2000)

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені (2005)

  • Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері

  • Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П.Л. Капица атындағы медалі, Нобель сыйлығының лауреаты П.Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының естелік медалі және басқа да мерейтойлық медальдар

  • «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі