Булекпаев Ермаганбет Кабдулович

Булекпаев Ермаганбет Кабдулович

Қарағанды облысының әкімі
Туған күні
02 Қыркүйек, 1975
50 жас
Туған жері
Қарағанды облысы,Шет ауданы,Үспен ауылы, Қазақстан
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 1996 жылы Теміртау филиалы «Қазкоммерцбанк» Ашық акционерлік қоғамында экономист лауазымынан бастаған.

1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы қызметін атқарған.

2002 жылы осы ведомство басшысының орынбасары болған.

2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2006–2008 жылдары Павлодар облысының Павлодар ауданының әкімі болды.

2008–2009 жылдары Павлодар облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төрағасының тәртіптік кеңесі – аумақтық басқарма басшысы қызметін атқарған.

2013–2018 жылдары Астана қаласының Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарының әкімі болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2018–2020 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды қаласының әкімі болды.

2022 жылғы 8 желтоқсанда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Білімі

1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Марапаттары

«Құрмет» ордені
«Ерен еңбегі үшін» медалі