Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов

Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы
Туған күні
20 Қараша, 1983
41 жас
Туған жері
Өзбекстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

«Медиа Софт Астана» ЖШС инженер-жүйелі техник (2005)

ҚР Ұлттық архивінің Ақпараттық архивтік технологиялар бөлімінің маманы, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС жетекші маманы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі (2006–2011)

ҚР МСИ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы (2011–2012)

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті, Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының бастығы (2012–2013)

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі, Электрондық қызметтер мен ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары (2014)

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі (2014–2016)

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары, кейін Информатикаландыру департаментінің директоры (2016–2017)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2018–2020)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы (2020–2023)

«Қазпошта» АҚ Пошта сервисі мен мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директоры (2023–2025)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы (2025 жылғы 2 шілдеден бастап)

Білімі

«Мирас» жеке университеті (2004)

«Информатика» мамандығы

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2010)

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы