Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов

Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов

Жетісу облысы білім басқармасының басшысы

Туған күні
4 тамыз 1979, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы облысы Көксу ауданындағы Бесқайнар ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Бұл қызметті 2006 жылға дейін атқарды

2006–2009 жылдары Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы орта мектептің директоры болды

2009–2011 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды

2011–2012 жылдары Іле аудандық білім бөлімінің бастығы болды

2012 жылдан 2015 жылдың сәуіріне дейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызметін атқарды

2015 жылғы 6 сәуірден 2017 жылдың қазанына дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары болды

2017 жылдың қазанынан 2020 жылдың ақпанына дейін Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарды

2020–2023 жылдары «ULJAN» ЖШС директорының орынбасары болды

2023 жылдан 2025 жылдың наурызына дейін облыстық «Ақ бұлақ» кәсіподағының төрағасы қызметін атқарды

2025 жылдың наурыз айынан бастап Жетісу облысы білім басқармасының басшысы

Білімі

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған
Мамандығы – «Қазақстан тарихы»