Дамир Ерланұлы Сейсембеков

Дамир Ерланұлы Сейсембеков

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Төрағасы
Туған күні
22 Шілде, 1986
39 жас
Туған жері
Қарағанды облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

2008 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалы — «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығында инженер болып бастады. Кейін Help Desk учаскесінің бастығы, одан кейін Жергілікті желілерді техникалық қызмет көрсету орталығының Цифрлық желілерді қызмет көрсету цехының бастығы қызметтерін атқарды

2010-2018 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясында жетекші қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Телекоммуникациялар желілерін пайдалану бөлімінің бастығы, қызмет бастығы, Телекоммуникациялар желілерін дамыту бойынша техникалық директордың орынбасары және Бас директордың орынбасары — техникалық директор лауазымдарында жұмыс істеді

2018-2020 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Орталық аймақтық телекоммуникациялар дирекциясында Телекоммуникациялар желілерін пайдалану және дамыту қызметінің бастығы 

2020-2023 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалының Бөлшек сауда бизнесі дивизионында жетекші қызметтер атқарды. B2C сегментінің Орталық аймағының коммерциялық директоры, Инсталляциялық жұмыстар департаментінің директоры, сонымен қатар желіні дамыту және қолдау бойынша директоры

2023-2024 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалының Жобаларды басқару дирекциясының бас директоры — жобаларды басқару бойынша директор 

2024 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы 

2025 жылдың қазан айынан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы 

Білімі

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2008 жыл
Мамандығы: Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2010 жыл
Мамандығы: Юриспруденция «Экономика саласындағы құқықтық реттеу»

Nazarbayev University Duke University-мен бірлесіп, 2010 жыл
Бағдарлама: Executive MBA

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще