Данияр Құттыбайұлы Өтепов
Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2000–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнында инженер-жерге орналастырушы болып қызмет атқарған
2002–2005 жылдары Шу ауданының Жер ресурстары комитетінде жетекші маман болған
2005–2006 жылдары Шу ауданының Жер ресурстары комитетінде бас маман қызметін атқарған
2006–2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы болған
2007–2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары департаментінде бас маман қызметін атқарған
2011–2012 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде штаттан тыс қызметкер, іс жүргізу жөніндегі инспектор болып жұмыс істеген
2012 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы болған
2012–2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары департаментінде бас маман қызметін атқарған
2013–2014 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болған
2014–2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған
2020–2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер пайдалануды және қорғалуын бақылау басқармасының жер есебін бақылау және мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы болған
2021 жылдан 2024 жылғы желтоқсанға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер пайдалануды және қорғалуын бақылау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған
2024 жылғы желтоқсаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарады
Білімі
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2000), «Инженер-жерге орналастырушы» мамандығын тәмамдаған
Әулие-Ата университеті (2002), «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған