Данияр Мұратұлы Имашев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы
Өмірбаяны
Астана қаласының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде, Қаржы департаментінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бас маман қызметтерін атқарды (2003–2005)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жетекші маман, бас сарапшы, басқарма басшысы, директордың орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарды (2005–2025)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюталық-қаржылық департаментінің директоры (2025 – 2026 жылғы қаңтар)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы (2026 жылғы қаңтардан бастап)
Білімі
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Марапаттары
II сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар