Данияр Таумұратұлы Таумұрат

Данияр Таумұратұлы Таумұрат

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі

Туған күні
15 қаңтар 1982, 44 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы, бас маманы (2003–2004)

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Заң департаментінің құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2006–2007)

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас сарапшысы (2007)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің референті, сарапшысы (2007–2011)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы (2011–2013)

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры (2013–2014);

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы (2014–2015)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры (2015–2016)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әкімшілік департаментінің директоры (2016–2018)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (09.2018–08.2019)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары (превенция мәселелері бойынша) (01.08.2019–12.2023)

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Аппарат басшысы (2024 – 05.01.2026)

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі (05.01.2026 жылдан бері)

Білімі

Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2003)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2006)
Мамандығы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (London School of Economics and Political Science) (2011-«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі)
Мамандығы – «Мемлекеттік саясат» (Public Policy)