Дарбаев Асан Кобентаевич

Дарбаев Асан Кобентаевич

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Туған күні
19 Қыркүйек, 1984
41 жас
Туған жері
Ақмола облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

2005–2006 жылдары Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.

2006–2009 жылдары монополияға қарсы салада аумақтық бөлімшелерде бас маман қызметін атқарды.

2009–2010 жылдары «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ мен «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер болып жұмыс істеді.

2013–2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде басқарма басшысы лауазымына дейінгі қызметтерді атқарды.

2015–2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2019–2025 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2025 жылғы 9 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2005)
Мамандығы – «Қаржы және қаржы құқығы»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2009)
Мамандығы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Ұлыбритания, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик университеті (2012)
Мамандығы – «Менеджмент» (Жобаларды басқару)

Марапаттары

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының Алғыс хаты (2016 жылғы желтоқсан)

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2019 жылғы желтоқсан)