Даркен Нұржанұлы Нұржанов

Даркен Нұржанұлы Нұржанов

Жетісу облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Туған күні
22 сәуір 1981, 45 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2002 жылы «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының өңірлік бағдарламалар үйлестірушісі болды

2002–2003 жылдары «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры филиалдарды дамыту департаментінің басшысы қызметін атқарды

2005–2007 жылдары «Қарасай аудандық жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросы» республикалық қазыналық кәсіпорнында II санатты инженер болып еңбек етті

2007–2008 жылдары Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шамалған ауылдық округі бойынша бас инженері болды

2008–2009 жылдары Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында тұрғын үй құрылысын бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды

2009–2010 жылдары Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қарағайлы ауылдық округінің сәулетшісі болды

2010–2011 жылдары Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жобалау-геодезия бөлімінің бастығы қызметін атқарды

2011 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «ҚазҚСҒЗИ» РМК-ның Астана филиалында қала құрылысы жобалары бөлімінің маманы болды

2011–2012 жылдары Алматы облыстық құрылыс басқармасының ішкі аудит қызметінің бас маманы қызметін атқарды

2012–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінің сарапшысы болды

2013 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының сарапшысы қызметін атқарды

2013 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің лицензиялау басқармасының бас сарапшысы болды

2013–2015 жылдары Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды

2015–2019 жылдары Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды

2019–2021 жылдары Талғар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

2021 жылдан 2022 жылдың тамызына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды

2022 жылдың тамыз айынан бастап Жетісу облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Білімі

2003 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған

2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген

2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін аяқтаған