Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Туған күні
16 сәуір 1974, 52 жаста
Туған жері
Қазақстан; Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, аппарат жетекшісі (2001-2005)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент (2005-2006)

Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы директорының орынбасары (2006-2007)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі (2007-2008)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі (2008-2009)

Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (2009-2012)

Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2012-2014)

Халықаралық Түркі академиясының президенті (2014-2022)

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (2016-2022)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі (2022-2023)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы (2023 бастап)

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1991-1992)

Мармара университеті (1992-1996)

Докуз Эйлүл университеті (1996-1997)

Эгей университеті (1998)

«Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы» тақырыбында диссертация қорғады 

Ыстамбұл университеті (2001)

"Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, философия ғылымдарының докторы атанған

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2010)

"Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған 

Марапаттары

«Парасат» ордені

III дәрежелі «Барыс» ордені

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттары

«Түркі әлеміне қызмет» сыйлығы

Түркия Республикасының Алтын медалі

Халықаралық «Жібек жолы» орталығының «Жыл адамы» атағы

ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі

Венгрияның «Офицерлік крест» ордені

Әзербайжанның «Достлуг» ордені

Моңғолияның «Алтын жұлдыз» ордені

Қырғыз Республикасының «Достық» мемлекеттік наградасы және «Даңқ» медалі сияқты марапаттардың иегері

Фото