Дастан Әбдіқадірұлы Секенов
ҚР Бас әскери прокуроры
Өмірбаяны
1996–1997 жылдары Алматы қаласы Аксай ауданы прокуратурасында стажер болды
1997–1999 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі қызметтерін атқарды
1999–2001 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және атқарушылық өндіріс бөлімі прокуроры болды
2001 жылы Бас әскери прокуратураның ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасында кадр бөлімінің бастығының міндетін атқарушы болды
2001–2008 жылдары Бас әскери прокуратурада сот актілерінің заңдылығын, жазаларды орындау және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды
2008–2009 жылдары тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болды
2009–2014 жылдары Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қызметін атқарды
2014–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сотқа дейінгі тергеу департаментінің директоры болды
2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры қызметін атқарды
2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болды
2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды
2021 жылғы бастап 2022 жылғы шілдеге дейін Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды
2022 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры
Білімі
Қазақстан мемлекеттік заң университеті (1997) — «Құқықтану»