Дастан Әлібекұлы Айдарханов
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаяны
Дастан Әлібекұлы Айдарханов еңбек жолын қаржы және салық саласы бағытында бастап, кейін мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі жауапты қызметтер атқарған
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бейрезиденттерге салық салу басқармасының сарапшысы (2015–2017)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бейрезиденттерге салық салу басқармасының бас сарапшысы (2017–2019)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің бас сарапшысы (2019–2020)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі (2020–2021)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекақы төлеу басқармасының бастығы (2021–2022)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған департаментінің сарапшысы (2022–2023)
Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары (01.2023–06.2023)
Ақтөбе облысы әкімі аппараты ақпараттық-талдау бөлімінің бас инспекторы (07.2023–01.2024)
Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі (2024–05.2025)
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2025 жылғы мамырдан бастап)
Білімі
2014 жылы Польша Республикасының Варшава қаласындағы Вистула университетін «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған
2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген