Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев

Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі
Туған күні
01 Тамыз, 1989
36 жас
Туған жері
Ақтөбе облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

«Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалының жабдықтау жөніндегі инженері (2010)

«Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалының сату және маркетинг жөніндегі инженері (2011–2012)

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы (2012–2013)

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасарының, облыс әкімінің орынбасарының бас маманы, индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы (2013–2017)

Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің басшысы, өңірлік даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы (2017–2019)

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (04.2019–07.2023)

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі (07.2023 жылдан бастап)

Білімі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (2010)
Мамандығы: Қаржыгер