Дияр Нұрланұлы Нүсіпқожанов

Дияр Нұрланұлы Нүсіпқожанов

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының басшысы

Туған күні
16 сәуір 1989, 37 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы облысы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» өңірлік филиалында І санатты заң кеңесшісі, жабдықтау секторының І санатты инженері, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі жетекші инженері (2011)

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жабдықтау секторының бастығы (2014)

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы директорының сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары; «Қала маңы тасымалы» АҚ атқарушы директоры – аппарат басшысы (2016)

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы директорының сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары (2018)

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалының директоры (2019)

«Кедентранссервис» АҚ филиалы директорының Достық стансасынан Алтынкөл стансасына дейінгі учаске бойынша орынбасары (2020)

«Кедентранссервис» АҚ Достық стансасындағы филиалының атқарушы директоры – директоры (2023)

«Кедентранссервис» АҚ аппаратының басшысы (2024)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры (2025)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппаратының басшысы (2026 жылғы 3 тамыздан бастап)

Білімі

«Қайнар» университеті, «Құқықтану» мамандығы

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті ұйымдастыру» мамандығы

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (Мәскеу қаласы), «MBA – Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы